Қазақстандық музыкант Ерасыл Хамит Рим папасының алдында өнер көрсетті
Фото: әнші инстаграмы
Еліміздің музыканты Ватиканда Рим папасының алдында скрипкамен өнер көрсетті, – деп хабарлайды Taspanews.kz әншінің әлеуметтік желісіне сілтеме жасап.
Әнші Папа Францискпен түскен суреттерін өзінің Instagram-парақшасына жариялады. Ерасыл Хамит Ватиканда болған концерттен алған әсерімен бөлісті:
“Папа Францискке арнап жеке орындау – мен үшін үлкен қуаныш пен мәртебе болды. Онымен сөйлескеннен кейін алатын жағымды энергия – менің өмірімдегі ең жарқын сәттердің бірі еді. Ол концертті тамашалап отырғанда қолымен "Жарайсың” деп көрсетіп отырды,
Әнші танымал симфониялық оркестрлар құрамында өнер көрсетіп жүріп, танымал болған.