«Халқыңа берерің көп еді»: Мақпал Жүнісова марқұм ақынға жазба арнады

Құрманай Бақтиярқызы фото на taspanews.kz от 30 октября 2024 11:15
Фото: instagram.com/kurmanai_bahtiyarkyzy

ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова ақын, сазгер Құрманай Бақтиярқызына жазба арнады. Бұл туралы Taspanews.kz  Мақпал Жүнісованың Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.


Мақпал Жүнісова қаралы хабарды естіген бойда Шымкент қаласына жол тартып жаназаға қатысқан.


«Шымкентке келіп, Құрманайжанмен қоштастық. Жаның жәннатта болсын, топырағың торқа болсын. Әлі еліңе, отбасыңа, ата-анаңа, халқыңа берерің көп еді. Арманың да зор еді, амал қанша», – деп жазды өнер иесі.


Instagram
Пост из социальной сети
Следите за новостями Taspanews