«Құдайдан күйеу сұрадым»: Тамара Асар жұбайымен қалай танысқаны жайлы айтты

Фото: instagram.com/tamara_assar_official

Қазақстандық танымал әнші Тамара Асар алғаш рет жұбайымен таныстығы туралы айтып берді. Өнер иесі күйеуімен танысып, жеті күннен соң тұрмысқа шыққаннын айтады. Бұл туралы әнші «Қазақстан» телеарнасындағы «Әйел әлемі» бағдарламасында сыр шертті, деп хабарлайды Taspanews.kz.  


Тамара Асардың айтуынша, ол күйеуін кездестірмей тұрып бар өмірін ұлына арнаған.


«Осы күнге дейін ұлым үшін ғана өмір сүрдім. Барлық жетістігімді соған арнадым. бір күні қатты шаршадым. Концерттен-концерт болып кетті. Қонақ үйге келіп, «Құдай, маған күйеу берші» дедім. Соны тілеп жатып, ұйықтап кеттім. Ондай дұға жасағанымды да ұмытып қалғанмын. Күйеуімді тура бір аптадан кейін жолықтырдым. «Мына әйелге үйленемін» деп мені көрсетіп, айтып бара жатты. Мен естіп тұрдым. Тура сол сөзден кейін жеті күнде тұрмысқа шығып кеттім», - деді әнші. Өнер иесі алғашында жұбайын қатардағы жұмысшы деп ойлапты. «Маған бір фирмада дәнекерлеушімін деді. Мен соған сендім. Танымал әнші бола тұра, «сварщикке» тұрмысқа шықтым. Сөйтсем, өндірісті басқаратын бастық екен. Анасы өмірден өткеннен кейін мүлдем шай ішпей кетіпті. Бас қосқаннан кейін, менің шай құйғанымды көріп, қатты таңғалды», - деді эстрада жұлдызы.  


Пост из социальной сети