«Құдайдан сұрап алған әйелім»: Бүркіт келіншегі Аиша туралы айтты

Фото: instagram.com/berkut_aibekjan

Қазақстандық танымал әнші Бүркіт жұбайы Аиша туралы айтып, оның жақсы қасиеттерін тізді. Өнер иесі келіншегінің қарапайымдылығына риза болатынын жеткізді. Бұл туралы Taspanews.kz Бүркіттің Айгерім Сейфоллаға берген сұқбатына сілтеме жасап хабарлайды.


Әншінің сөзінше, келіншегі басқалардан өтірік сөйлей алмайтынымен ерекшеленеді.


«Табыс көзі екеумізде бірдей. Бірге ақша табамыз. Анасына көлік сыйлағанбыз. Анасы екеуі Қарағандыға кеткен кезде сыйлықты дайындап қойдым. Келген кезде Аишаға өзің сыйла деп айттым. «Жоқ» деп бірден бас тартты. «Сенің тапқан ақшаң деп ойлашы» десем де көнбеді. Ол алдай алмайды. Басқасы болса бүкіл әлеуметтік желіде жар салып, «Мен сыйлап жатырмын, мен беріп жатырмын» деп салатын еді. Келіншегімнің осындай болғанына Аллаға тәуба деп айтудан шаршамаймын. Қарапайымдылығы қатты ұнайды. Құдайдан сұрап алған әйелім ғой», – деді Бүркіт.


Пост из социальной сети