«Қыздар, хабарласыңдар»: Argonya жеке өміріне қатысты мәлімдеме жасады

Арғын Аусаров фото на taspanews.kz от 30 октября 2024 15:18
Фото: instagram.com/argonyaa

Қазақстандық әнші Argonya жеке өміріне қатысты мәлімдеме жасады. Екі баланың әкесі «Revue News» бағдарламасында жүрегінің жартысын іздеп жүргенін айтты.


«Әр адам өз жартысын іздейді. Осы менің жүрегімнің жартысы шығар дегенде шабыт та келеді ғой. Әзірге менің басым бос. Қыздар, хабарласыңдар», – деп әзілдеді әнші. 


Оған қоса Argonya неге ел алдына көп шықпай кеткенін айтты.


«Шоу-бизнестен көңілім қалған жоқ. Өмірім осы ғой. Ренжіп жүргендер бар шығар. Бірақ мені ренжіткендер жоқ», – деді ол.


Пост из социальной сети
Следите за новостями Taspanews