Мақпал Жүнісова домбырасын бортқа өткізбеген әуекомпаниясына ашуланды
ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісованың домбырасын әуекомпания қызметкерлері бортқа өткізбеген. Кейін танымал әнші домбырасына 59 мың теңгеге жеке орын сатып алған. Бұл туралы Мақпал Жүнісова Instagram-дағы ресми парақшасында айтты, деп хабарлайды Taspanews.kz.
Өнер иесі мұндай іс-әрекеттерді қазақтың ұлттық аспабын қорлау деп санайды.
«Құрметті, Қасым-Жомарт аға Тоқаев! Аэропортты сатсаңыздар сатқан боларсыздар, бірақ қазақтың домбырасын сонша қорлауға жол бермеңіз! Мүмкін сіз хабардар емес шығарсыз, біздің өтінішімізге құлақ асыңыз! Жүк салғышқа өткіз дейді. Ана жолы Тоқтар Серіктің домбырасын сындырған. Сол кезде де ешкім жауап берген жоқ. 59 мыңға қасымнан орын алып, ботдқа домбырамды кіргіздім. Абай жеріне келіп алып, ұлттық аспапты қорлауға тап болдық. Семейдің әкімін танымаймын, бір ауыз сөз айтайын деп ойлаған едім», – деп жазды халық әртісі.