Мемлекет басшысы Қарақат Әбілдинаны «Парасат» орденімен марапаттады
Фото: instagram.com/karakat_a
Қазақстандық танымал әнші Қарақат Әбілдинаны ҚР президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы «Парасат» орденімен марапаттады. Бұл туралы Taspanews.kz Қарақат Әбілдинаның Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Өнер иесі сүйінші жаңалығын бөлісіп, қатты қуанып тұрғанын айтты.
«Осындай жоғары марапатқа лайық деп тапқан Қасым-Жомарт Кемелұлы «Парасат» орденімен марапаттады. Бұл үйдегі 6 баламның, алты мыңнан астам шәкіртімнің ақ тілегі деп білемін. Сенімдеріңізге мың алғыс», – деді әнші.