«Мені қарғап көргісі келмеді»: Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділов ескерткішінің ашылуына неге бармағанын айтты

Мақпал Жүнісова фото на taspanews.kz от 03 декабря 2024 13:35
Фото: instagram.com/zhunussova.makpal

ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова қоғам және мемлекет қайраткері, марқұм Заманбек Нұрқаділовтің құрметіне ашылған ескерткіш-бюсттің ашылуына не себепті бармағанын ашып айтты. Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында жазды. 


Осыған дейін Алматы облысы Кеген ауданында ашылған ескерткіштің ашылу салтанаты өткен еді. Салтанатты жиынға қоғам қайраткерінің балалары Құралай мен Қайрат Нұрқаділовтер қатысты.


Желі қолданушылары халық әртісінен неге бармағанын сұрады. Әнші оған жауап беріп, оны «Зәкеңнің ұрпақтары көргісі келмегенін» айтты.


«Мені қарғап, көргісі келмеген Зәкеңнің ұрпақтары болсын деп шештім. Кейін Мерей екеуміз барып, тағзым жасаймыз. Зәкеңнің рухына тегін концертті бағыштаймын деп отырмын», – деп жазды әнші.


Следите за новостями Taspanews