«Менің атым – Қожа» фильмінің басты кейіпкерін сомдаған актер Нұрлан Санжар ауыр дертке шалдықты

Нұрлан Санжар фото на taspanews.kz от 07 апреля 2025 16:00
Фото: Коллаж: Taspanews.kz

«Менің атым – Қожа» фильмінде Қожаның рөлін сомдаған актер Нұрлан Санжар ауыр дертке шалдыққан. Бұл туралы Taspanews.kz журналист Жанар Қанафина Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.


Актер өкпенің созылмалы обструктивті ауруы дертіне шалдыққан.


«Қазір Нұрлан Санжарұлына қаржылай көмек қажет. Емделіп, жұмыстарын аяқтау керек. Ол журналистика факультетінде сабақ берген. Қазір сырқатына байланысты жұмыс істемейді. 75 жасында тыныс алу аппаратында тәулігіне 14 сағат бойы жататын адам қалай жұмыс істесін? Дәрігерлер жарты жыл өмірі қалғанын айтыпты», – деп жазды журналист Жанар Қанафина.


Instagram
Пост из социальной сети
Следите за новостями Taspanews