«Менің фильмім тұрғанда «Моанаға» баратын қазақтарды түсінбеймін»: Дариға Бадықова қазақстандықтарға ренішін білдірді

Дариға Бадықова фото на taspanews.kz от 02 декабря 2024 14:10
Фото: instagram.com/dariga_badykova

Қазақстандық танымал актриса, кинопродюсер Дариға Бадықова жақында төл туындысының екінші бөлімін жарыққа шығарды. Фильм туралы сөз қозғаған актриса «қазақстандық фильмді қолдамайтындарды түсінбейтінін» айтты. Бұл туралы Taspanews.kz хабарлайды.


«Моанаға» барып «позор» болып отырмайық. Бөтен елге ақшаны жіберіп, оларды байытуды қойғанымыз дұрыс. Ашығын айтамын. 27 қарашада Моанаға барған қазақтар болды. Бірақ оларды сөкпеймін. Тек қандай қазақ екенін түсінбеймін. Сондықтан байыса қазақ байысын. Ештеңе жоқ», – дейді Дариға Бадықова.


Айта кетейік, Дариға Бадықова түсірген «Таптым-ау сені-2» фильмімен қатар Голливудтың «Моана» мультфильмінің де екінші бөлімі көрерменге жол тартты. Қос туындының тұсаукесері қатар келуіне байланысты ол журналистерге де пікір білдірген еді. 


Следите за новостями Taspanews