Мерует Түсіпбаева анасына пәтер сыйлады

Меруерт Түсіпбаева фото на taspanews.kz от 10 апреля 2025 15:36
Фото: Жеке парақшадан

Қазақстандық танымал әнші Меруерт Түсіпбаева анасына пәтер алып берді. Бұл туралы Taspanews.kz Меруерт Түсіпбаеваның Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.


Өнер иесі, анасына сыйлаған пәтерді көрсетіп, босаға майлады.


«Анам жер үйде тұрған. Жасы келген адам ғой деп көпқабатты пәтерге көшірдік. Екі айға созылған жөндеу жұмыстары мәресіне жетті. Қоныс құтты болсын! Біткен істің міні жоқ. Десек те, бітпеген ұсақ-түйегі көп. Ескі үй дегендерге айтарым, Екібастұзда ТЭЦ жарылғанын ұмытпаңдар. Бұл үй орталықта орналасқан. Ең бастысы, анама қолайлы жер болсын. Оңтүстік өңірінің ырымы бойынша босаға майлап жатырмын!», – деп жазды әнші. 


Instagram
Пост из социальной сети
Следите за новостями Taspanews