«Мінезіміз жараспады»: Жігер Ауыпбаев алғаш рет жеке өмірі туралы айтты

Жігер Ауыпбаев фото на taspanews.kz от 15 ноября 2024 15:45
Фото: instagram.com/jiger_auypbaev_official

Қазақстандық танымал әнші Жігер Ауыпбаев алғаш рет отбасыны қатысты құпиясын бөлісті. Бұл туралы Taspanews.kz  әншінің «1001 түн» бағдарламасына берген сұқбатына сілтеме жасап хабарлайды. 


Әншінің сөзінше, ол осыған дейін отбасылы болған.


«Менің басымнан не өтпеді. Біраз нәрсе өтті. Негізі отбасылы болғанмын. Бірақ уақыт өте келе мінезіміз, мүмкін көңіліміз де жараспай, екі жаққа кеткен болатынбыз. Одан кейін көңілді де алдау үшін іздейсің ғой. «Адамға да адам керек» демекші, қасыңнан табылатын, ішкі жан дүниеңді түсінетін, сөзімен қуаттап отыратын адам керек. Күйзеліске түсіп кетпеудің жолын іздеп, сондай кезеңдерде танысып, табысып, сөйлесіп жүрген кездерім болған. Әлі де табылмай жатыр», – деді әнші.


Пост из социальной сети
Следите за новостями Taspanews