«Мұғалімдерді билет алуға міндеттеген»: Айбек Қайбулла концерті төңірегінде шыққан дауға қатысты пікір білдірді

Айбек Қайбулла фото на taspanews.kz от 18 февраля 2025 16:48
Фото: instagram.com/aibek.kaibulla

Жамбыл облысы Қордай ауданының білім бөлімі мұғалімдерге Айбек Қайбулланың концертіне билет сатып алуды міндеттегені туралы ақпарат тараған еді. Әнші дауға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Taspanews.kz  хабарлайды. 


Айбек Қайбулла ұйымдастырушылармен қаламақыға келістім деп отыр.


«Кешелі бері маған көп жазып жатыр. Қордайдағы концерт жөнінде. Мен өнерпазбын, әншімін. Менеджер емеспін. Шақырту алған жеріме халықтың ықыласын алуға барамын. Ал мені шақырып, концерт қоюға ұсыныс жасаған ұйымдастырушылар. Мен ол кешке қаламақыға келіскенмін. Билет жөнінде еш хабарым жоқ. Ол іске біз араласпаймыз. Менің жұмысым тек жақсы көңіл күй сыйлау. Менің анам – ұлағатты ұстаз. Ұйымдастырушылар жағынан кеткен қателіктер үшін ұлағатты ұстаздар қауымынан кешірім сұраймын. Сол үшін мені сөкпеңіздер» – деп жазды әнші.

Следите за новостями Taspanews