«Нағашылары бақты»: Ерке Есмахан үлкен ұлына алимент алмайтынын айтты

Ерке Есмахан фото на taspanews.kz от 10 февраля 2025 12:00
Фото: instagram.com/erke_esmahan

Қазақ эстрадасының жұлдызы Ерке Есмахан Instagram-дағы ресми парақшасында оқырман сұрақтарына жауап берді. Бұл туралы Taspanews.kz хабарлайды.


Өнер иесіне тіркелушісі «Алиментке 35 мың алатыныңыз рас па?» деп сауал тастаған.


Әншінің айтуынша, ол тұңғыш баласына мүлде алимент алмаған.


«Ешқашан алиментке арыз жазбағанмын, алимент алмағанмын. Ешқашан көмек сұрамағанмын. Бала өз несібесімен туады деп, Алла жар болсын деп, өзім жұмыс істеп өсірдім. Нағашылары бақты, қақты. Шүкір. Отау құрған соң күйеуім бірден қасымызға алды Муслимді. Одан кейін не ішеді, не киеді дегенді ойламадым. Кейде осы тараптан ойға батсам, көзіме қуаныштың жасы келеді. Аллаға сансыз шүкір», – деп жауап берді әнші.


Следите за новостями Taspanews