«Өкпенің бұлай ауырғанын кім көрген»: Роза Әлқожаның денсаулығы сыр берді

Роза Әлқожа фото на taspanews.kz от 04 февраля 2025 16:51
Фото: instagram.com/roza_alqozha

Танымал әнші Роза Әлқожа денсаулығы сыр беріп, екі апта ем алған. Бұл туралы Taspanews.kz Роза Әлқожаның Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.


 «Екі апта ем алып, енді жазылып жатырмыз, тәуба! Бұрын өкпенің бұлай ауырғанын кім көрген?! Денсаулықтың қадірін білмейді екенбіз!.. Алда ән сапарлар. Жаңа альбом. Жаңа костюмдер», – деп жазды әнші.


Әншінің желідегі оқырмандары оған тезірек жазылып кетуін тілеп, жылы лебіздерін жазып жатыр.


«Роза, ем болсын, Алла шипасын берсін! Ғұмырың ұзақ болып, ән әлемінде шарықтай бер!», «Ауырмаңыз, ем шипалы болсын», «Розатайым, Алла шипасын берсін, құлан таза жазылып кет», «Ем болсын! Денсаулығыңыз мықты болсын! Алдағы концерттіңізге сәттілік тілеймін», - деп жазған әншінің тыңдармандары.


Instagram
Пост из социальной сети
Следите за новостями Taspanews