«Ол кезде эгом басымырақ болды»: Ләйлә Сұлтанқызы Нұрболхан Шараповпен соттасқанына өкінетінін айтты
Фото: instagram.com/sultankyzy
Қазақстандық танымал жүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әзілкеш Нұрболхан Шараповпен соттасқанына өкінетінін жасырмады. Бұл туралы Taspanews.kz «Din Dina Show» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Журналист жанжалдың арты сотпен аяқталғанына өкінетінін айтты.
«Нұрболханмен бекер соттасыппын. Қазір соны түсініп отырмын. Ол бала да эмоцияға беріліп, менде де сондай жағдай болды. Кіші болып ол тоқтамады, үлкен болып мен де тоқтамадым. Біздің ақымақтығымыз осы болып тұр. Ол елдің көзінше де, былай да кешірім сұрап жатыр. Шын айтса сол жағдай үшін ұяламын. Былай қарасаң болмашы дүние үшін қырық пышақ болдық. Сол кезде сәл эгом басымырақ болды. Қытығыма тиді», – деді Ләйлә Сұлтанқызы.
Пост из социальной сети