«Өмірім – ерекше ертегі»: аяғы ауыр Ерке Есмахан отбасылық демалысын көрсетті

Ерке Есмахан отбасымен бірге фото на taspanews.kz от 17 января 2025 15:26
Фото: instagram.com/erke_esmahan

Қазақ эстрадасының жұлдызы Ерке Есмахан жұбайы Raim және екі баласымен Еуропаға демалысқа кетті. Еуропаның әсем жерлері мен әртүрлі қалаларында болған жұлдыздар отбасы мәдени демалыс пен бірге белсенді демалысты да ұмытпай жүр. Бұл туралы Taspanews.kz әншінің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.


Өнер иесі отбасымен арбаға отырып қыдырып жүрген видеосын жүктеді. Кадрлардан әсем табиғат пен отбасының бақытты сәттерін көруге болады.


«Бір ханзада келді, екі баласымен, екі жылқысымен. Ханшайым да екіқабат па, бірдеңе. Өмірлері ерекше ертегі. Әдемі кезеңімнен баршаңызға бақыт тіледім», – деп жазды ол.


Instagram
Пост из социальной сети

Желі қолданушылары әншінің отбасына бақыт тілеп,  жылы лебіздерін арнады.


«Қазақстандағы ең бақытты әйел», «Бұл бақыттың артынла қаншама еңбек, сабыр, сыйластық жатыр», «Шынайы өмірдегі ертегі», «Ат арбаларына дейін керемет», – деп жазды желі қолданушылары.


Следите за новостями Taspanews