«Өндірісіңіздің тарихқа енуі құтты болсын»: Тамара Асар жұбайын жетістігімен құттықтады

Қазақстандық танымал әнші Тамара Асар жұбайы Жұмаш Айтжанұлын жетістігімен құттықтады. Бұл туралы Taspanews.kz Тамара Асардың Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарайды.
Өнер иесінің жары – «Астық» зауытының иесі. Әншінің сөзінше, аталмыш зауыт қазақстандық брендтер туралы жазылған «Made in Kazakhstan. Brands of Kazakhstan» жинағына енген.
«Бапасы» – Жұмаш Айтжанұлы. Бала күнгі арман-мақсатыңызды ұштастырған, жастық шағыңыздың албырт күшін арнаған өндірісіңіздің тарихқа енуі құтты болсын! Біз сіздің жетістіктеріңізге қуанып жүре берейік! Әке-шешеңіз тірі болғанда марқайып, мақтанып ағайын туысқа өздері хабарласып отырар еді… Әттең… «Made in Kazakhstan. Brands of Kazakhstan» кітабы – ел тарихындағы қазақстандық брендтер туралы алғашқы жинақ. Кітапта Қазақстандағы 30-дан астам жетекші компаниялардың брендтері топтастырылған. «Астық» зауыты да еніп, қуанып отырмыз. Шын жүректен құттықтаймыз! Қазақстан эконимикасына толағай табыстар әкеле беріңіздер! Отандық өндірістегі машина жасау саласына еңбектеріңіз сіңе берсін! Биік белестерді бағындыра беріңіздер!», – деп жазды әнші.