«Өнерді тастап кеткендер 5-6 жылдан соң қайтып келеді»: Айқын Төлепберген дінге бет бұрған әріптестері туралы айтты

Фото: instagram.com/aikyn_tolepbergen

Қазақстандық танымал әнші Айқын Төлепберген шығармашылықты тастап, дін жолына түскен әріптестері туралы сөз қозғады. Бұл туралы Taspanews.kz Айқын Төлепбергеннің «Замандас» подкастына берген сұқбатына сілтеме жасап хабарлайды.


Оның айтуынша, Айқынның тойына бұрынғы продюсері Ерік Тастамбеков «той жасау-харам» деп келмей қалған көрінеді.


«Бұрын да намаз оқып, сахнада ән айтып жүргендер болған. Бірақ бүгінгідей белең алып тұрған жоқ еді. Жақын араласатын достарым музыканы тастап, кетіп қалған. Менің түсінгенім, өнерді дін үшін тастап кеткендер 5-6 жылдан кейін қайтып келеді екен. Бірақ бұрынғыдай болмайды. Күні кеше өткізген тойыма бұрынғы продюсерім Ерік Тастамбеков келген жоқ. «Той жасау –харам, мен бармаймын» деп айтты. Ол жақта дінге қайшы ештеңе ұйымдастырылған жоқ. Сонда да келгісі келмеді. Домбыраны харам дейтіндер шықты. Алдымен, мен – қазақпын. Домбыраны қазақтан бөлу –  мүмкін емес. Музыканың өзін құдай жаратты. Кез келген дүниеде баланс болуы керек. Қатты кетіп, басқаны құнсыздандыруға болмайды. Жақында университетте бірге оқыған досыммен ренжісіп қалдық. Ол менің өнерімді харам деп, парақшамнан шығып кетті. Маған сол қатты соққы болды. Дін үшін 20 жылдық достығымызды ажыратты», – деді әнші.


Пост из социальной сети