«Өткен өмірді қозғай бергеннен не пайда»: Ләйлә Сұлтанқызы анасына жазба арнады

Қазақстандық танымал журналист әрі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы анасына жазба арнады. Бұл туралы Taspanews.kz Ләйлә Сұлтанқызының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
«Менің жұлдызым – Дишинкам. Біріміздің анамыз қасымызда, біріміздікі жоқ… Қадірін ана болғанша біле де, түсіне де бермейтініміз тағы бар. «Соңғы кезде мамаңызды көп көрсетесіз, көзінде мұңы бар, әбден қиындық көрген-ау» деген пікірлерді оқып қаламын. Иә, расымен түрлі жағдай бастан өтті ғой. Қайсыбірін айта берейік. Өткен өмірді қозғай бергеннен не пайда? Көбіміздің ата-анамыздың тағдыры ұқсас қой. Қиындыққа қарамай өсірді, оқытты, жеткізді. Шүкір, тәуба. Алға ұмтылуымыз керек. Өсіріп отырған ұл-қыздарымыздың бақытын көруді баршамызға нәсіп етсін. Ал қазір ыңғайы келсе, барынша анама көңіл бөліп, әр сәтін мәнді де сәнді қылғым келеді», – деп жазды медиа маманы.