«Салмағым 95 келі болатын»: Зарина Омарова оның толықтығы үшін күйеуі бірге жүруге ұялғанын айтты

Фото: Бағдарламадан скриншот

Қазақстандық танымал әнші Зарина Омарова толық кезін еске түсіріп, күйеуінің бірге жүруге ұялғанын жеткізді. Бұл туралы Taspanews.kz әншінің «Мамский әңгіме» подкастына берген сұқбатына сілтеме жасап хабарлайды. 


Өнер иесінің сөзінше, ол баламен үйде отырған кездері қатты толып кеткен.


«Мен баламен үйде отырғанда Ақтөбе қаласында тұрдық. Күйеуім сол жақта жұмыс істеді. Бір күні қонаққа бардық. Маған ақша беріп, әдемі көйлек алуымды өтінді. Өзіме ұнайтын көйлек таппадым. Ұнатқан көйлектерім сыймай қалды. Ол кезде салмағым 95 келі болатын. Содан шақырған жерге бардық. Қара көйлек киіп бардым. Кілең бастықтар шақырылған және әйелдерімен жүр. Үйде отырған әйел бәрібір интернеттен неше түрлісін оқып отырса да, практика жүзінде басқаша көрінеді. Ол жақтағы әйелдердің шаш үлгісіне дейін ерекше көрінді. Бір кезде кісілер бірдеңе айтып, мені меңзегендей күлді. Күйеуім, маған қарап, «ана жаққа барып тұршы» деді. 20 минут өткеннен кейін, жүргізушіні шақырып үйге кетіп қалдым. Күйеуімді кінәлаған жоқпын.


Өзімді жазғырып, таңға дейін жыладым. Түнгі 3-те отырыстан күйеуім келгенде, бәрін айттым. «8 жыл үйде отырмын. Енді мен сахнаға шығамын. Өзіме қарап, әдемі болғым келеді» деп жыладым. Ол да түсінгендей болып, мені жұбатуға тырысты. Сол оқиғадан кейін өмірім күрт өзгерді. Содан жолдасыммен бәстесіп, салмақ тастауға шешім қабылдадым. Мен «арықтап, өзімнің қалпыма келемін, сен маған ақша бересің және сахнаға шығарасың» дедім. Ол берген уәдесінде тұрып, қалаған дүниемді сатып алып берді», – деді әнші. 


Пост из социальной сети