Say Mo болашақта қарым-қатынастағы зорлық-зомбылық туралы сұхбат беретінін айтты

Әншінің инстаграмы фото на taspanews.kz от 06 апреля 2025 12:59
Фото: Әншінің инстаграмы

Say Mo жұлдызды атымен танымал Мөлдір Есембек актер Серік Шәріпке қатысты айыптаулардан кейін келеңсіз жағдайға тап болды, – деп хабарлайды Taspanews.kz әншінің инстаграм парақшасына сілтеме жасап.


Мөлдір Есембектің басынан өткізген өмірлік оқиғасына қарамастан, «Облако Астана» лаундж бары әншінің әнін өз видеосына қойып, Серік Шәріптің Алия Бутееваны лифтіден жұлқып шығарған көрінісін қайта сомдап шыққан. Ал Romantic гүл сататын дүкені жігіт шапалағы үшін әйелге 1001 роза беруі керек немесе 15 тәулікке қамалу керегі туралы заң енгізуді ұсынған. Бұл қалжың түрінде, хайп түрінде салынғанмен, оларды жауапкершіліктен босатпады.


Әнші мұны «маразм» деп атады.


Одан бөлек, осыған дейін Алия Бутеева мен Серік Шәріп оқиғасы аясында өз ойын айтуға мүмкіндігі болмаған әнші келесіні жеткізді.


«Мен ешқашан да үндемей қалған емеспін, әндерімде де жігіттің қол көтергені туралы айттым. Мені неліктен үндемеді деп ойлайтындарыңызды түсінбеймін. Мені де ұрған кездерінде көгерген бетімнің суреттерін анама жібергенмін, алайда оларды өшіріп тастадым. Осындай қарым-қатынаста болғанымда, ол менен кешірім сұрайтын. Сондай абьюзивті қарым-қатынас болды. Менің әкем жоқ болғандықтан болар, мен ер адамның қандай болу керегін білмеген шығармын. Алайда, қазіргі таңда нағыз махаббатым бар. Терапиядан өттім», – деді Мөлдір Есембек.

Say Mo инстаграм сторис фото на taspanews.kz от 06 апреля 2025 12:59
Фото: Say Mo инстаграм сторис
: Say Mo инстаграм парақшасы фото на taspanews.kz от 06 апреля 2025 12:59
Фото: Say Mo инстаграм парақшасы
Следите за новостями Taspanews