«Сен жоқта тас-талқанмын»: Заттыбек Көпбосынұлы жарын туған күнімен құттықтады

Заттыбек Көпбосынұлы келіншегімен фото на taspanews.kz от 01 ноября 2024 16:31
Фото: instagram.com/aikhan1218

Қазақстандық танымал әнші Заттыбек Көпбосынұлы жан жарын туған күінмен құттықтап, өлең жолдарын арнады. Бұл туралы әнші Instagram-дағы ресми парақшасында жазды. Бұл туралы Taspanews.kz хабарлайды. 


Өнер иесі жұбайымен бірге қартайғысы келетінін айтып, жан сырын ақтарды.


«Туған күніңмен!


Сен барда асқар таумын,


Сен жоқта тас-талқанмын.


Сәні мен дәмі бөлек


Сен жайған дастарханның


Мың мадақ жаратқанға


Бағалы бақытымсың


Бақыттан бас тартады кім


Мың мадақ жаратқанға …


Мына өлеңді Қалқаман Сарин жарына арнаған, мен осы өлеңді ән қылып өзіңе арнадым. Сені маған жолықтырған жаратқанға мың алғыс. Бірге көретін жақсылығымыз көп болсын. Алланың бізге сый еткен балпапандарымыздың қанатын қатайтып, көкке самғап, биікке өрлегенін көрсетсін деп тілеймін Алладан», – деп жазды өнер иесі.


Instagram
Пост из социальной сети
Следите за новостями Taspanews