Серік Ибрагимов әкесіне су жаңа көлік сыйлады

Фото: instagram.com/ibragimovserik
Қазақстандық танымал әнші Серік Ибрагимов әкесіне су жаңа көлік сыйлады. Бұл туралы Taspanews.kz Серік Ибрагимовтың Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Әнші бұл сыйлықты тарту етпес бұрын жұбайымен ақылдасқанын айтты.
«Достар, бүгін әкемізді қуантамыз. Арманым орындалады. Отбасымыздың атынан Айнамкөз екеуміз ақылдасып, әкемізге көлік сыйлаймыз. Баланың міндеті – ата-ананы қуанту емес пе?! Бәріңізге жұғысты болсын!», – деп жазды әнші.
Пост из социальной сети