Танымал әнші Қайрат Нұртас 36 жасқа толды

Қайрат Нұртас отбасымен бірге фото на taspanews.kz от 26 февраля 2025 14:54
Фото: instagram.com/kair_n

Қазақ эстрадасының жұлдызы, хитмен Қайрат Нұртас 36 жасқа толды. Өнер иесі туған күніне орай ресми парақшасында жазба қалдырды. Бұл туралы Taspanews.kz хабарлайды. 


«Жер ортасы жасқа келдім. Бағындырған өз белесім, ала аламаған өз қамалым, шыққан шыңым, жүріп келе жатқан өз жолым бар. Бәріне де ризамын! Айналам «Аға» деп ақыл сұрайтын жасқа келдім. Шамамның жеткенінше жүрегімді ашып, көмек қолын созып, досты да, дұшпанды да бауырымдай құшағыма қысып келемін. Төрт құбылам түгел, керегем кең, терезем тең отбасым деген тыныштықтамын. Ғажап күн», – деп жазды әнші. 


Instagram
Пост из социальной сети
Следите за новостями Taspanews