Тәуекел Мүсілімнің үшінші баласының есімі белгілі болды

Фото: Жеке парақшадан
Қазақстандық танымал актер Тәуекел Мүсілім ақпан айының соңында балалы болған еді. Өнер иесінің жұбайы сәбиінің есімін жариялады. Бұл туралы Taspanews.kz Махаббат Мүсілімнің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Махаббат баланың есімін ребус етіп жазып, оқырмандарына тауып көруді ұсынды.
«Зейін – тамаша есім. Шетелдіктерге де есімін айту ыңғайлы. Әлемге танымал болсын», «Тамаша есім», «Зейін, бақытты бала болып өс, қандай әдемі ат», – деп пікір қалдырды оқырмандары.
Пост из социальной сети