Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әуе апаты жайлы айтты

Ләйлә Сұлтанқызы фото на taspanews.kz от 26 декабря 2024 17:18
Фото: instagram.com/sultankyzy

Қазақстандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Ақтау маңында апатқа ұшыраған эзірбайжандық ұшақ жайлы айтты. Бұл туралы Taspanews.kz Ләйлә Сұлтанқызының Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.


Журналист жақындарына жете алмай, апатқа ұшырағандарға өкініш білдірді.


«Біреу үйіне жаңа жылды қарсы алуға бара жатты. Біреуді жұмысына анасы шығарып салды. Біреу саяхаттап шыққан шығар. Біреу ғашығына асықса ше? Біреуді достары күткен болар. Біреу ата-анасына, бала-шағасына, жарына жете алмай қалды-ау. "Ажал айтып келмейді" дейміз ғой, бірақ жақынын жоғалтқан адамды ештеңе қазір жұбатпайды. Өте үлкен психологиялық көмек қажет. 67 тағдыр… Қазір құтқарушылар, дәрігерлер қолдан келгенше көмек беруде», - деп жазды тележүргізуші.


Instagram
Пост из социальной сети
Следите за новостями Taspanews