Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина екінші рет ана атанды

Дина Төреәлі перзентханада фото на taspanews.kz от 11 декабря 2024 10:58
Фото: instagram.com/tatti_kyz

Қазақстандық танымал әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы, блогер Дина Төреәлі екінші сәбиін бауырына басты. Бұл туралы Taspanews.kz Дина Төреәлінің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.


Блогер оқырмандарымен жақсы жаңалығын бөлісіп, сүйінші сұрады.


«Қош келдің өмірге балапаным! Көп күттірмей Аллам тағы да ата-ана атануды нәсіп етіпті. Тілеп, күтіп жүрген барша жанға жұғысты болсын! Құттықтауларыңызды қабылдаймыз. Көп тілеуі қабыл балапанымызға жақсы тілектеріңізді жаза кетіңіздер», – деп жазды блогер.


Ерлі-зайыпты баланың жынысы туралы хабарламады. Желі қолданушылары жас отбасыны құттықтап, ақ тілектерін арнады.


Instagram
Пост из социальной сети
Следите за новостями Taspanews