Трансгендер Амилай орамал тағып, көпшіліктің сынына қалды
Танымал трансгендер, блогер Амилай желіге орамал таққан видеосын жүктеп, халықтың сынына қалды. Бұл туралы Taspanews.kz Амилайдың Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ол Рамазан айында ораза тұтып жатқанын да жасырмады.
«Оразаларыңыз қабыл болсын. Орамал таққандардың барлығы періште емес! Мен орамал тағып ішіп, шегіп клубта жүрген жоқпын. «Неге мазақ қыласың?» дегендерге жауабым. Мен транс болсам да оразада нәпсімді тыйып, ауыз бекітіп жүрмін. Қаншама (кейбір) қызды көрдім орамал тағып алып боқтасып ішіп, шегіп жүрген. Міне, соларға «қорлап жүр» деп айтуға болады», – деп жазды блогер.
Желі қолданушылары блогерді сынап, түрлі пікір қалдырды.
«Орамал таққанша, жігеріңді жинап, еркек болсаңшы. Өмір сен ойлағандай бола бермейді», «Бастысы ниет», – деп жазды желі қолданушылары.