«Тұрсынның арқасы»: журналист Дана Нұржігіт Баян Алагөзоваға жазба арнады
Танымал журналист, тележүргізуші Дана Нұржігіт продюсер Баян Алагөзоваға жазба арнады. Бұл туралы Taspanews.kz Дана Нұржігіттің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Баян Мақсатқызы Астанада Queen Show концертін өткізген еді. Медиа маманы концерттен алған әсерін бөлісіп, продюсердің қажырлы еңбегі мен оның жұбайының қолдауын туралы түртіп айтты.
«Ол бақытты екенін де, бақытсыз екенін де ашық айтады. Жағдайға мойынсұнып, тыныш өмір сүруге де болар еді. Бірақ Баян – күрескер! Ол өзінің жолын, өз үнін, өз қағидасын таңдайды. Кешегідей шоу Қазақстанның бір де бір актрисасына арнайы қойылмаған! Күйеуі Тұрсынның арқасы. Алдымен «Баянның соры болды»деп жолыққан адам, бағы болып сүйіктісінің арманын орындады. Мюзикл жанр ретінде бізде туып, бізде дамымаған өнер. Ондай әмбебап актерлар, режиссер, дыбыс, жарық режиссерларын табу, труппа жинау қиынның қиыны. Оны мүмкін қылған Баянның арманы, Тұрсынның қаржысы.Түптеп келгенде екеуінің махаббаты. Балаларды да, спектакльді де дүниеге әкелген екеуінің шын сезімі. Олар өздеріне ұрын келген, кешіккен алапат сезімнен қашып құтыла алмайтынын біліп, сол үшін қан, қарғыс көрсе де тағдырдан бірге болуды күресіп барып, қалауын жұлып алған адамдар. Ғашықтар сондай – эгоистер! Иә! Өйтпесе бірге болу жоқ! Бірақ екінші өмір де жоқ қой!», – деп жазды тележүргізуші.