«Үміт отын жақты»: Елдос Колобок қуанышты жаңалығын бөлісті

Елдос Колобок фото на taspanews.kz от 23 января 2025 15:18
Фото: instagram.com/eldos_kolobok

Қазақстандық танымал блогер Елдос Кәдірханов қуанышты жаңалығын бөлісті. Осыған дейін желіде балалы бола алмай жүргенін айтқан Елдос үміт отын жаққан дәрігеріне алғыс айтты. Бұл туралы Taspanews.kz Елдостың Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 


Блогердің сөзінше, ол 13 жылдан бері бала сүйе алмай жүрген.


«Осы туған күніме жеке дәрігерімді шақырдым. Біз шетелге қыдырып бармаймыз. Ем алып, ота жасаймыз. Тек халыққа оны көрсетпейміз. Соңғы ота Астанада жасалды. Ұйқыдан оянғанда дәрігерім: «Елдос, балалы бола аласыз» деді. Міне, басты жаңалығым осы. Қанша жыл осы жауапты күттім. Енді тек дұғада болыңыздар! Алла қаласа тағы да сүйінші сұраймын. Қаншама нәтижесіз ота өткіздім. Қаншама дәрі іштім. 13 жыл емделдім. Нәтиже болмады. Мен осыны айтудан ұялмаймын. Себебі қаншама жігіттер бар дертіне ем таппай жүрген. Ұрпақ сүйсем ғой деп жүрген қаншама отбасы бар. Баласы барлар бізді түсінбейді. Әйелім екеуміз дәрігерлер атынан алғыс айтамын. Олар өшіп бара жатқан үмітті лаулатып, жағып берді», – деді блогер. 


Instagram
Пост из социальной сети
Следите за новостями Taspanews