Жанқош Тұраровтың келіншегі Әнару Құрманәліге қатысты пікір білдірді

Жанқош Тұраров жұбайымен бірге фото на taspanews.kz от 25 декабря 2024 15:36
Фото: instagram.com/klarita_os

Қазақстандық танымал боксшы Жанқош Тұраровтың жұбайы күйеуін зорлады деп айыптаған Әнару Құрманәлі туралы ойын білдірді. Бұл туралы Taspanews.kz Клараның Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.


«Сол қызға қатысты тағы бір видеолар шығыпты. Өкінішті, әрине. Оларды көріп жатырмыз. Тағы да қайталап жібере бермеңіздер. Алла сана берсін. Адам ретінде шынымен жаным ашиды. Қаншама дүниелерден кейін де әлі де есін жимаған. Әлі де сабақ алмаған. Жасы болса 30-ға келді. Әкесіне обал. Бауыры да бар екен. Өзін ойламаса да осы кісілерді ойлау керек еді. Қайта-қайта кеудесін соғып отыр. «Мен текті жердің қызымын, менің тәрбием басқа» дейді. Бірақ камераға түсіп қалған видеоларын көріп отырмыз. Бәріміз де қыз өсіріп жатырмыз. Шын жүрекпен жаным ашиды. Осындай сөздерге айтпай-ақ қояйын дегенбіз, бірақ өздері соған жеткізді», – деді блогер келіншек. 


Следите за новостями Taspanews