«Жаратқан өз адамыңды кездестіреді»: Айгүл Иманбаева алғаш рет енесін көрсетті

Фото: instagram.com/aigul_imanbayeva

Қазақстандық танымал әнші, актриса Айгүл Иманбаева көпшілікке алғаш рет енесін көрсетті. Әншінің айтуынша, енесі де өнер адамы. Бұл туралы Taspanews.kz Айгүл Иманбаеваның Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.  


Айгүл Иманбаеваның енесі «Айгүл» вокалды-аспаптық ансамбілінің мүшесі болған Ақжан Жайсанбаева екен.


«Екі күн болды Алматыдан енем келіп, өзімнің келіндік міндетімді атқарып жатырмын. Құдайдың құдіретіне шек жоқ қой. Мамам 1968 жылы Қыздар мемлекеттік педагогикалық институтының жанынан ашылған «Айгүл» вокалды-аспапты ансамблінің құрамында әнші болған Ақжан Жайсанбаева. Қазір жасы 76 да. Мен өмірге келген жылдары ансамбльдің дүркіреп жатқан кезі екен. Содан менің мамамның құрбысы менің атымды сол ансамбльдің құрметіне Айгүл деп қойған екен.


Тағдыр жолымда араға қаншама жыл салып, өмірлік жартымның анасы «Айгүл» ансамблінде әнші болғандығы кезедейсоқтық еместігі анық. Қадірлеймін. Ал бүгін менде «Хабар» арнасында таңғы эфир болды. Ал мамамды «Абай» арнасы «Айгүл» ансамблінің құрамымен түсірілімге Алматыдан алдырады.Таңертен екеуімізде әртіс болып айнаның алдында жиналғанымыз тіпті қызық болды. Шын сұрасаң жаратқан өз адамыңды кездестіреді. Басқа адамға шын жүрегіңмен тілекші болсаң,ол өзіңе мың есе жақсы нәрсе болып қайтады», – деп жазды Иманбаева.


Пост из социальной сети