«Жедел жәрдем көлігі жоқ»: Ұланғасыр Қамиев туған ауылындағы мәселені көтерді

Танымал әнші Ұланғасыр Қамиев Ақсу-Аюлы ауылында жедел жәрдем көлігі жоқ екенін айтты. Өнер иесі мұны ауылға бейнебаян түсіруге барғанда білген. Бұл туралы Taspanews.kz хабарлайды.
Әнші жедел жәрдем көлігі жоқ ауыл тұрғындарына алаңдаушылық білдірді.
«Бір айта кететін жайт бар. «Такая Жанара» әнінің бейнебаянына жедел-жәрдем көлігі керек болған. Бірақ ауылдан көлікті таппадық. Осы жылы медициналық пункт ашылған. Көліктің гаражы да бар. Бірақ көлік жоқ. Менікі жай ғана клип екені түсінікті. Алайда ауылдағы кісілер ауырып қалып жатса, оқыс оқиға болса қалай көмектеседі?! Оқыс оқиға демекші, ондай жағдай болыпты. Бір кісі ауырып қалған. Ауданға апарайын десе, жедел жәрдем көлігі жоқ екен. Сол үшін кәдімгі көлікпен апаруға тура келіпті. Клип түсіремін деп осы жайтты көріп қалдым. Жоғарыдағы ағалар, назарға алыңыздар!», – деді әнші.