Желіде марқұм Құрманай Бақтиярқызының өмірінің соңғы сәттерінен видео тарады

Фото: instagram.com/kurmanai_bahtiyarkyzy

Ауыр дерттен көз жұмған ақын, сазгер Құрманай Бақтиярқызының өмірінің соңғы сәттерінде түсірілген видео тарады.


Видеода марқұм басы айналып, құлап қала беретінін айтқан.


«Бүгін тойға барамын деп едім, ауруханадан бір-ақ шықтым. Басым айналып, құлап қала беремін. Қан қысымым да төмен болып тұр. Алланың дегені осы болды. Тұсаукесерге барамын деп отыр едім. Жолдан макияж жасатамын деп едім. Ауырмайықшы! Тілекшілерім, мен үшін дұға жасаңыздаршы», – деген соңғы сөзінде марқұм өнер иесі. 


Пост из социальной сети