Жол апатына түскен әнші Кеңес Әлімжан өзі үшін алаңдаған жандарға алғыс айтты

Жол апатына түскен танымал әнші Кеңес Әлімжан алаңдаушылық білдіріп, уайымдап жатқандарға алғыс айтты. Бұл туралы Taspanews.kz хабарлайды.
Осыған дейін желіде әншінің Таразға бара жатып, көлікпен жол апатына түскені туралы ақпарат тараған еді.
«Баршаңызға қайырлы күн! Менің құрметті тыңдармандарым, барша жанашырларым, мен үшін уайымдап жатқан көрермендерім, ағаларым, әпкелерім, маған тілекші болып жатқандарыңызға көп-көп рақмет! Интернет желісін өздеріңіз көріп отырған боларсыздар. Мұндай хабардың бір жаңалық ретінде таралғанын қаламағанмын. Бастысы аман-есенбіз. Темір өз орнына келер. Уақытылы ұйықтамағанның кесірінен, жолдан шығып кетіп, осындай жол-көлік апаты болды. Қайта қарама-қарсы көлікке соқтығыспадық. Алла өзі сақтады. Рақмет сіздерге, аман болыңыздар», - деді Кеңес Әлімжан.