«Жылдың ең үздік тойы болады»: Ерке Есмахан отбасындағы үлкен тойдың қашан өтетінін айтты

Фото: instagram.com/erke_esmahan

Эстрада жұлдызы Ерке Есмахан әлеуметтік желіде жақсы жаңалығын бөлісті. Сөзінше, келер жылы жазда үлкен той өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Taspanews.kz әншінің Instagram-дағы ресми парақшасында айтты.


Өнер иесі келе жатқан туған күнін тойламайтынын жазды.


«Қарашаның 23-і Исламның туған күні, ал 30-ы менің туған күнім болады. Екі туған күнді де тойламаймыз. Өзіміз үйде боламыз. Алла бұйыртса, бәрін қосып, жазда үлкен той жасаймыз деп отырмыз. Туған күндер, қоныстой, тұсаукесер, сүндет той, бәрі бұйыртса жазда болады. Жылдың ең үздік тойы болады», – деп жазды Ерке Есмахан.