2023 жылы өтетін үстел теннисінен Азия чемпионатында Қазақстан намысын кім қорғайды

Фото: olympic.kz

Алматыда үстел теннисінен Қытайда өтетін жастар арасындағы Азия чемпионатына қатысу үшін іріктеу турнирі аяқталды, - деп хабарлайды Taspanews тілшісі Оlympic.kz сайтына сілтеме жасап.


Алматыда үстел теннисінен Қытайда өтетін жастар арасындағы Азия чемпионатына қатысу үшін іріктеу турнирі аяқталды. Жарыстың соңғы күнінің қорытындысы төмендегідей:


Жігіттер: Иран – Қырғызстан 3:0, Қазақстан – Өзбекстан 3:1, Қадырәлі Қабдылуахитов – Шохрух Искандаров 1:3, Алан Құрманғалиев – Тимурбек Нұрмонов 3:0, Абдулла Мамай – Хуршид. Ахмедов 3:2 , Алан Құрманғалиев – Шохрух Искандаров 3:2.


Орындар: 1 орын – Иран, 2 орын – Қазақстан, 3 орын – Өзбекстан.


Қыздар: Иран – Қырғызстан 3:0, Қазақстан – Өзбекстан 2:3, Сарвиноз Миркадиров – Аружан Камалова 1:3, Жанерке Көшкімбаева – Әсел Еркебаева 0:3, Альбина Жақсылықова – Мохира Абдуллаева 3:0, Сарвиноз Миркадиров – Әсел Еркебаева 3: 0, Жанерке Қошқымбаева – Аружан Камалова 0:3.


Орындар: 1 орын – Иран, 2 орын – Өзбекстан, 3 орын – Қазақстан.


Жарыс ережесіне сәйкес, Қазақстан спортшылары жастар арасындағы Азия чемпионатында іріктеусіз келесі категориялар бойынша бақ сынай алады: 19 жасқа дейінгі ерлер, U19 қыздар, U19 ерлер, U19 қыздар, U19 аралас жұп, U15 ұлдар командасы, U15 қыздар командалық санаты, U15 ұлдар жеке санат. 19 жасқа дейінгі (ұлдар) санатындағы командалық жарыстағы квотаны ескере отырып, Қазақстан 11 санаттың 10-ында өнер көрсетуді жоспарлап отыр.