Александр Кержаков: Бас бапкер ретінде жұмыс барысында көз жұмып қарауға болмайды деп есептейтін жағдайлар болады

Александр Кержаков "Қайраттың" жаттығуында фото на taspanews.kz от 03 сентября 2024 19:05
Фото: Александр Кержаков "Қайраттың" жаттығуында

Бүгін Александр Кержаков «Қайраттың» бас бапкері қызметінен ресми түрде кеткені белгілі болды.


Ресейлік маман одан өз еркімен бас тартқан. Александр Кержаков бұл шешіміне байланысты пікірін де білдірді. Ресейлік жаттықтырушының айтуынша, клубтан кетуіне бір жағдайлар түрткі болған көрінеді, – деп жазады Taspanews  Aladop.kz сайтына сілтеме жасап.


«Кеше таңертең қызметімнен кету туралы өтініш жаздым. Мен үшін бұл шешім оңай болған жоқ, себебі әлі де қызметімді жалғастырғым келеді. Біз ойын өрнегі тұрғысынан айтарлықтай жетістіктерге жеттік, тәуір нәтижелер көрсеткенбіз. Бізбен бірге «Қайрат» біраз уақыттан бері қолы жетпей жүрген турнирлік кестедегі көшбасшылық орынға көтерілді. Клуб біріншілік соңына дейін 6 тур қалғанда чемпиондыққа басты үміткер қатарынан саналады. Алайда, бас бапкер ретінде жұмыс барысында көз жұмып қарауға болмайды деп есептейтін жағдайлар болады. Олардың мән-жайын айтпаймын, клубтың өз ішінде қалсын. Команда мен футболшыларға жеңіс пен сәттілік тілеймін», - деді А.Кержаков.


Айта кетсек, «Қайрат» дәл қазір ішкі біріншілікте көш бастап тұр. Кержаков жаттықтыратын алматылық клуб қоржынында 32 ұпай бар. Ресейлік бапкер алматылық команданы мамырдың аяғында тізгіндеген еді. Осы аралықта Кержаковтың клубы ҚПЛ аясында 9 матч өткізіп, 5 рет жеңіске жетті. Сондай-ақ, 2 кездесуде қарсыластарымен ұпай бөлісіп, тағы екі бәсекеде жеңіліс тапты.  


Следите за новостями Taspanews