Қазақстан Париждегі Олимпиада ойындарына тағы үш лицензия жеңіп алды

Қазақстан Париждегі Олимпиада ойындарына тағы үш лицензия жеңіп алды фото на taspanews.kz от 03 июля 2024 11:57
Фото: instagram.com/mussin_adilbek

Қазақстан Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына тағы үш лицензия алды, – деп хабарлайды Taspanews.kz.


Осы орайда Әділбек Мусин мен Ксения Игнатова Олимпиада ойындарында күш сынайды.


Әділбек Мусин 100 метр қашықтықта баттерфляй және еркін жүзу стилінде өз шеберлігін көрсетеді.


Игнатова арқамен жүзуде 100 метр қашықтықта медальдар үшін күреседі.


Қазіргі уақытта Қазақстанның қоржынында Олимпиадаға 87 лицензия бар.


Еске салсақ, төртжылдықтың негізгі басталуы Парижде 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.


Следите за новостями Taspanews