Қазақстандық атқыштар Италияда өткен турнирде екі медаль жеңіп алды

 фото на taspanews.kz от 06 июня 2024 16:34
Фото: ҚР ҰОК

Стенд атудан Қазақстан құрамасы Италияның Тоди қаласында өткен ірі халықаралық турнирде екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Taspanews ҚР ҰОК ақпаратына сілтеме жасап.


Виктор Хасянов тұғырдың бірінші сатысына көтеріліп, трап бойынша алтынды жеңіп алды.


Аралас командалар арасындағы «скетеде» Эдуард Ещенко мен Диана Сабекова қола жүлдені жеңіп алды.


Турнир 9 маусымға дейін жалғасады.


Айта кетейік, Эдуард Ещенко бұған дейін 2024 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама алған болатын.


Следите за новостями Taspanews