Қазақстандық балуан Париждегі Олимпиадаға жолдама алды

Фото: ҚР ҰОК

Қазақстандық еркін стильдегі балуан Мейрамбек Қартбай (57 келіге дейін) Олимпиадалық квотаны алудан алған эмоцияларымен бөлісті, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ҰОК-не сілтеме жасап.


"Түбінде мен Олимпиадаға баратынымды сезгем. Себебі, Ресей құрамасының қатысуы басынан бастап күмән тудырды. Сол себепті мен жаттығуды бір сәтке тоқтатқан жоқпын. Қазіргі уақытта мен ұлттық құрамамен бірге Дағыстанда дайындалып жатырмын. Маған квота берілгенін естігенде, әрине, қатты қуандым.


Енді бізді Парижде ойын күтіп тұр. Олимпиадада оңай қарсылас болмайды, алайда мен олардың көбісімен таныспын, күрескенмін. Мен қолымнан келгеннің бәрін жасаймын", - деді Мейрамбек.


Еске салсақ, Мейрамбек ресейлік балуандардың ойындарда өнер көрсетуден бас тартуына байланысты квоталарды қайта бөлгеннен кейін Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия иегері болды.


Мейрамбек Қартбай – 2024 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері.