Қазақстандық футбол сарапшысы ұлттық құраманың футзалдан Әлем чемпионатындағы ойынын бағалады

Футзал фото на taspanews.kz от 19 сентября 2024 14:41
Фото: kff.kz

Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші матч өткізді. Нәтижелі ойын көрсетіп, Ливия құрамасын 4-1 есебімен жеңді. Белгілі футболшы және жаттықтырушы, қазақстандық футбол ардагері Сергей Волгин Taspanews.kz тілшісімен әңгімелесуде өткен матчты бағалады.


"Ойынның сәтті болатыны анық болды. Бастапқыда ауыр болғанымен, кейіннен өте керемет ойнап шықтық. Біздікілер ливиялықтарды тығырыққа тіреп, басып озды. Бұл біздің команданың жоғары рейтингінің арқасында мүмкін болды", - деп атап өтті Волгин.

Жалпы, сарапшы біздің ұлттық құраманың ойнына оң баға берді.


"Жақсы ойнадық. Қарсыласқа күшіміз жететінә бірден байқалды. Шынымды айтсам, мен басқа нәтиже күткен жоқпын. Басында күмән болды, себебі біздің жігіттер алдымен қарсылас қақпасына доп соға алмады, алайда бірінші голдан кейін бәрі өз орнына келді. Футболшылар бірден еркін, жеңіл ойнай бастады. Сосын тек қажетті нәтижеге жетц ғана қалды",  - деп түсіндірді Волгин.

Ол сондай-ақ маман ретінде футзалды, әсіресе әлем біріншілігін тамашалауға қызығушылық танытатынын атап өтті.


"Шағын футбол мен үлкен футбол, әрине, екі түрлі. Ойындарда тактика әртүрлі, стандарттары да бөлек. Минифутболда әлемнің ең мықты құрамаларының ойындарын көру мен үшін аса қызықты", - деп түйіндеді сарапшы.

Еске салсақ, Қазақстан мен Ливия арасындағы ойын біздің команданың жеңісімен 4:1 есебімен аяқталды. Гол соққан екі құрама спортшыларының қатары: Абрахим Сухайб (автогол 1:0), Мохамед Хамис (1:1), Біржан Оразов (2:1), Жахангир Рашит (3:1), Альберт Акбаликов (4:1).


Следите за новостями Taspanews