Қазақстандық гимнастшылар Болгарияда өткен Challenge Cup кезеңінде үш медаль жеңіп алды

 фото на taspanews.kz от 27 мая 2024 13:57
Фото: olympic.kz

Болгарияда өткен Challenge Cup кезеңінде қазақстандық гимнастшылар екі алтын және бір қола медаль жеңіп алды. Нариман Құрбанов пен Дмитрий Патанин алтынды, Асан Сәлімов қоланы әкелді, - деп хабарлайды Taspanews тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.


Болгарияда өткен Challenge Cup кезеңінде қазақстандық гимнастшылар үш медаль жеңіп алды: екі алтын және бір қола.


ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің сайтындағы жарияланымға сәйкес, гимнаст Нариман Құрбанов 15,433 ұпай жинап, дүбірлі тұлпарда алтын медаль алды. Тағы бір алтын медаль 14,033 ұпаймен еден жаттығулары бойынша Дмитрий Патанинге бұйырды. Дәл осы категорияда Асан Сәлімов қола медальға қол жеткізді.


Следите за новостями Taspanews