Қазақстандық спортшылардың Париждегі олимпиадаға қатысуы

Париждегі олимпиада: қазақстандық спортшылар фото на taspanews.kz от 25 июня 2024 17:49
Фото: ҚР СТМ

  Париждегі Олимпиада – қазақстандық спорт үшін маңызды кезең, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР СТМ-не сілтеме жасап.


Қазақстандық спортшылар жазғы олимпиадада сегізінші рет өз күшін сынайды. Бұл олимпиада Афины мен Лондондық сайыстардан кейін Европада үшінші рет өтуде. 


Қазіргі уақытта қазақстандық құрама 80 лицензия иеленді. Оған қатысушы 70 спортшы кірген.


45 қазақстандық Олимпиада ойындарында дебют жасайды.


Ең көп лицензия боксшыларға тиесілі (10 адам).


31 жастағы Владислав Яковлев — Лондон-2012 олимпиадасынан бастап ел атынан ұдайы сайысқа қатысатын ең тәжірибелі академиялық ескек есуші. Бұл жолы да ол халықаралық деңгейде спорттық дағдыларын көрсетпек.  Сонымен қатар, алдыңғы Олимпиаданың қола жүлдегерлері атанған Сәкен Бибосынов пен Қамшыбек Қонқабаев және Рио мен Токиода марапаттарға ие болған спортшы — Елдос Сметов ерекше көзге түседі.


Кезекті сайысқа қатысушылардың арасындағы ең жас спортшы — 17 жастағы таеквондист Батырхан Төлеуғали, ал ең үлкені — 37 жастағы семсерлесуші Эльмир Әлімжанов болады.


Олимпиадаға қатысушыларды іріктеу кезеңі әлі де жалғасуда және спортшылардың бұл тізімді толықтыруға мүмкіндігі бар.  


Следите за новостями Taspanews