Қазақстандық таэквондошы Люксембургтегі турнирден алтын медаль әкелді

 фото на taspanews.kz от 11 июня 2024 11:27
Фото: ҚР ҰОК

Қазақстандық таэквондошы Самирхон Абабакиров жарыстан алтын медаль әкелді. Спортшыға жүлдені Люксембургте өткен халықаралық турнир әкелді. Бұл туралы Taspanews.kz ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.


Абабакиров G-1 рейтингтік турнирінде өнер көрсетті. Спортшы үшін бұл көрсеткіш алдағы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңінен өткен алғашқы жарыс болды.


Абабакиров Олимпиадаға іріктеуге 58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қатысып, соңғы турнирде 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жеткен болатын.


Следите за новостями Taspanews