Қазақстандық теннисші Олимпиаданың алтын медаль иегерімен күш жарыстырады

Қазақстандық теннисші Олимпиаданың алтын медаль иегерімен күш жарыстырады фото на taspanews.kz от 03 июля 2024 12:19
Фото: ҚР ҰОК

Уимблдон турнирінің екінші айналымында қазақстандық теннисші Юлия Путинцеваға кім қарсы шығатыны белгілі болды,– деп хабарлайды Taspanews.kz.


WTA әлемдік рейтингінде 36-шы орынды иеленген тәжірибелі және титулды Чехия спортшысы Катерина Синякова Қазақстаннан баратын әлемнің 35-ші ракеткасы Юлия Путинцеваның қарсыласы болады.


Чех спортшысы келесі раундқа шығып, рейтингтің 164-ші орнында тұрған канадалық Мартина Стакушичті 6:4, 6:2 есебімен жеңді.


Бір қызығы, Синякова өзінің сәттілігімен танымал: ол 2020 жылғы жұптық ойында Олимпиаданың алтын медаль иегері.


Уимблдондағы алғашқы матчта Юлия Путинцева Германиядан келген спортшы Анжелика Керберді жеңіп, маңызды жеңіске жетті. Анжелика wild-card алғанымен, рейтингте тек 221-ші орында болған. Қазақстандық спортшының пайдасына жекпе-жек есебі 7:5, 6:3 құрады.


Путинцева пен Синякова арасындағы матч ертең, 4 шілдеде, Астана уақыты бойынша сағат 15:00-те өтеді.


Следите за новостями Taspanews