Бангкоктағы бокс турнирінде Қазақстан бірінші жеңілісі

Фото: olympic.kz

Қазақстан құрамасының Бангкоктағы бокс турниріндегі алғашқы жеңілісі: Ұлжан Сәрсенбек 1/8 финалға өте алмады, – деп хабарлайды Taspanews ҚР ҰОК-қа сілтеме жасап


54 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі Қазақстан өкілі Ұлжан Сәрсенбек Бангкоктағы бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінен шығып қалды.


Ашылу кездесуінде спортшы америкалық Шера Мэй Патрисиомен кездесті. Шайқас нәтижесінде Сәрсенбек жеңіліп, келесі кезең – 1/8 финалға өте алмады. Осылайша Қазақстан турнирдегі алғашқы қатысушысынан айырылды.


Естеріңізге сала кетейік, Ұлжан Астанада өткен іріктеу турниріндегі жеңісінің арқасында Олимпиадаға іріктеуге қатысу құқығын алған болатын. Финалда ол Сымбат Әлиасқарды жеңді.