Дацикті жеңген қазақстандық Дана Уайттың шоуына шақырылды

Фото: Sports.ru

Қазақстандық ММА күрескері Ғалым " ТТ " Жасланов UFC басшысы Дана Уайттың өзі жетекшілік ететін әйгілі шапалақ шоуына (Power Slap) қатысуы мүмкін, – деп хабарлайды Taspanews.kz.


Бұл туралы Жасланов "Вестник ММА" Youtube-арнасына берген сұхбатында айтты.


"Бізге Power Slap-тан ұсынысы келді. Жақын арада сонда ұшамыз деп ойлаймын. Онда Василий "Пельменьнің" дебютін көрдім. Жол түсіп жатса, мен де барамын", – деді Жасланов.


Жасланов өзінің соңғы жекпе-жегін өткен жылдың маусымында Ural FC x Naiza лигаларының бірлескен турнирінде өткізді. Ол даулы ресейлік күрескер Вячеслав Дацикті жеңді.