Елена Рыбакина Уимблдонның үшінші айналымында Australian Open чемпионымен күреседі

Елена Рыбакина Уимблдонның үшінші айналымында Australian Open чемпионымен кездеседі фото на taspanews.kz от 05 июля 2024 13:32
Фото: instagram.com/lenarybakina

Даниядан келген Australian Open-2018 чемпионы Каролин Возняцки (№91 WTI) Ұлыбритания Ашық Чемпионатында – Уимблдонда әсерлі ойын көрсетті, – деп хабарлайды Taspanews.kz.


1/32 финалда ол канадалық Лейла Фернандеспен (№ 25 WTA) кездесті. Нәтижесінде жеңіс 6:3, 2:6, 7:5 есебімен Возняцкиге тиесілі болды. Матч екі сағат пен 24 минуттық күреске созылды.


21 жастағы Фернандес 2021 жылы US Open финалына жетті, бірақ британдық Эмма Радуканнан жеңілді.


Даниялық спортшы – Каролин Возняцкидің келесі матчы күрделі сынақ болады: ол Қазақстанның төртінші ракеткасы Елена Рыбакинамен кездеседі. Бұған дейін Рыбакина неміс Лаура Зигемунд пен Румыния өкілі Елена Габриэла Рузені ойыннан шығарып үлгерді.


Рыбакина мен Возняцки арасындағы матч ертең, 6 шілдеде, Астана уақыты бойынша сағат 15:00-те өтеді.


Следите за новостями Taspanews